11 шілде 2022 13:01

"Үйге бара жатырмын". Рыбакина қазақстандықтарға үн қатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ktf.kz Фото: ktf.kz

Елена Рыбакина Уимблдон-2022 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға қайтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Елена Рыбакина Уимблдон-2022 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға қайтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сейсенбі, 12 шілдеде еліміздің бірінші ракеткасы, "Уимблдон-2022" турнирінің чемпионы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келеді. Спортшының күн тәртібі толық. Бірінші, журналистермен баспасөз мәслихаты өтеді, кейін ол жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі.

"Құрметті қазақстандықтар! Мен үйге бара жатырмын. Уимблдонда көрсеткен қолдауларыңыз мен үшін жеңіс болды. Рақмет, қолдауларыңызды сездім. Бәріміз бірге тарихта қалдық және бұл өте керемет сезім! Дәл осы жеңіс, дәл осы тарихи сәт менің өмірімде болып жатқанына әлі де сене алар емеспін", - деді Елена Рыбакина.

Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінде  тарихи жеңіске жеткен болатын.

Собчак Рыбакина туралы: Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі

Елена Мәскеу тумасы, 2018 жылға дейін Ресей атынан ойнаған. 2018 жылдың маусымында Рыбакина спорттық азаматтығын Қазақстанға ауыстырды.

Президент Тоқаев Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети