19 ақпан 2014 17:39

20 ақпан Украинада аза тұту күні болып жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина Президенті Виктор Янукович. ©REUTERS Украина Президенті Виктор Янукович. ©REUTERS

Украинада 20 ақпан оппозиция мен құқық қорғау органдарының қақтығысында қаза тапқандарға байланысты қаралы күн болып жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап. Украина Президенті осындай жарлыққа қол қойды. Соңғы мәліметтер бойынша бүлік кезінде қаза тапқандар қатарының 25 адамға жеткені нақтыланды. "Аза тұту күні Украинаның барлық аумағында үйлер мен мемлекеттік билік органдары нысандарында, өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда мемлекеттік ту түсіріледі, ойын-сауық шаралары мен спорт сайыстары кейінге қалдырылады, телерадиохабар тарату бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізіледі", - делінген ел Президенті қол қойған жарлықта. Қанды тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау қызметкерлерінен он адам қайтыс болған. Олардың арасында оққа ұшып өлгендер бар. Сонымен бірге, 371 тәртіп сақшысы дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ауруханаға жатқызылған 349 милиционердің 74-іне оқ тиген. 18 ақпан күні Украинада ахуал әбден нашарлаған еді, тәртіпсіздік күшейіп, құқық қорғау органдары бүлікшілерден соққы алды. Бұл қақтығыстар оппозицияның Жоғарғы Радада 2004 жылғы конституцияны қалпына келтіруді талап ететін сәтіне әдейі орайластырылды. Қызбаланған ереуілшілер Украина парламенті ғимаратына баса-көктеп ұмтылып, төңіректе автокөлік шиналарын өртеген, ғимаратқа тас пен түтін толы бөтелкелерді лақтырды. 19 ақпан күні Кәсіподақ үйі, Канада елшілігі және басқа да әкімшілік кеңселер шапқыншылыққа ұшырады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, белгісіз біреулер астаналық милицияның Печера басқармасында жарылғыш құрылғының көмегімен бүлік шығарған. Киевте орталық көшелер, қоғамдық көлік, оның ішінде метрода да қозғалыс тоқтады. Елде бүлікшілер басып алмаған әкімшілік ғимараттардың қатары аз қалды. Тәртіпсіздік астана аумағынан шығып, елдің өзге аймақтарында да үдей бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети