10 қазан 2014 21:55

Армения Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © РИА Новости Фото © РИА Новости

Армения Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Арменияның экономикалық одаққа кіруі туралы келісімге Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық экономиалық одақ серіктестігі кеңесінің мемлекетаралық отырысы барысында қол қойылды.  Отырыс "24 kz" арнасынан көрсетілді. 


Армения Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Арменияның экономикалық одаққа кіруі туралы келісімге Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық экономиалық одақ серіктестігі кеңесінің мемлекетаралық отырысы барысында қол қойылды.  Отырыс "24 kz" арнасынан көрсетілді. 

"Бүгінгі отырыстың негізгі бөлімдерінің бірі Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі туралы келісімге қол қойылуы болатын. Өте қысқа мерзімде барлық құқықтық, экономикалық сұрақтарға қатысты келісім жасалды. Бұл өте маңызды оқиға. Еуразиялық экономикалық одаққа тағы бір мүше қосылып, аясы кеңейе түсті. Мен бұған өте қуаныштымын. Арменияның экономикалық одаққа қосылуына ешқандай кедергі жоқ" - деді Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзінде. 

"Осы тарихи құжатқа қол қойылғаннан бастап Еуразиялық кеңістікте интеграцияның жаңа кезеңі басталады. Біз одаққа алғашқылардың бірі болып қосылып, өзімізге үлкен жауапкершілік жүктеп отырмыз. Біз бірлесе отырып Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу процесін тиімді жүзеге асыра аламыз. Біз өз елімізге төнген қауіптерді барынша азайтып, баршамызға ортақ пайданы барынша молайтуға атсалысамыз. Біз біріксек, экономикамыз күшейе түседі және барлық жаһандық күштерге төтеп бере аламыз. Еуразиялық одақ – географиялық жағынан ірі экономикалық бірлестік. Мен бұл одақтың әлі жүзеге асыра қоймаған әлеуеті өзін әлемнің экономикалық картасында нық бекітіп алуға жететініне сенемін", - деді Армения президенті Серж Саргсян. 

Сондай-ақ, ТМД мемлекеттері басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа Қырғызстанның қосылуы туралы да сөз етті. Назарбаевтың айтуынша бұл сұрақ әлі талқылану үстінде. Қырғызстанның кедендік одаққа кіруі туралы жол картасы жоспар бойынша жүзеге асырылуда. "Бүгінде біздің алдымызда Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі туралы жоспарды қарастыру мәселесі тұр. Қазіргі таңда құжаттар экспорттық деңгейде әзірленді, онда біршама сұрақтар қамтылды", - дейді Президент Н.Назарбаев.

Қазақстан, Ресей және Беларусь осы жылдың мамыр айында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойған болатын. Келісім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Армения Үкіметі 2 қазанда Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы келісімді мақұлдаған болатын.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети