23 қаңтар 2022 12:24

Бішкекте журналист Болот Теміров ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қырғыз журналисі Болот Теміров ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24kg-ге сілтеме жасай отырып.


Қырғыз журналисі Болот Теміров ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24kg-ге сілтеме жасай отырып.

Адвокат Нұрбек Тоқтақынов есірткіге байланысты оқиға арандату екенін мәлімдеді.

"Ол белгісіз қыздың арызы бойынша ұсталды... Әзірге оған ештеңе тағылған жоқ (айып). Оған адвокат ретінде мені де кіргізбейді. Олар осы уақыт ішінде оған бірдеңе істеп жатыр", - деді ол.

АКИрrеѕѕ мәліметінше, құқық қорғау органдары ұстаған журналист Болот Теміров редакцияда тінту қалай басталғанын және не табылғанын айтқан. Видеоны адвокат Нұрбек Тоқтақынов жариялады.

"Тінту кезінде бір зат табылды. Олар кірген кезде мені еденге жатқызды. Екі қызметкер басып отырды. Бұл кезде оларға артқы қалтам ыңғайлы болды. Тінту кезінде артқы қалтамнан ішінде түсініксіз жасыл зат бар кішкентай дорба шықты. Ол менің затым емес. Мен ешқашан оны жасаған емеспін", - дейді Теміров видеода.

Таңертең белсенділер мен журналистер Болот Теміровты қолдау мақсатында ІІМ ғимаратына митингке шығуға ниет білдіріп отыр. Сағат 11.00-де басталатыны айтылды.

Кеше кешке Бішкектегі Temirov Live журналистерінің кеңсесіне полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен бірге келгені белгілі болды.

@mood_night16 Бесплатные 16 гб Пользуйтесь на здоровье 😁 Алтел Белайнга жасайнба?#мб #теле2 #рекомендации #рек #FreeFireIce ♬ оригинальный звук - mood🖤

Журналист Ақтілек Қапаров полиция қызметкерлерінің бұл әрекетін Temirov Live редакциясының кәсіби қызметімен және ҰҚК басшысы Қамшыбек Тәшиевтің отбасының отын бизнесі туралы кейінгі тергеумен байланыстырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети