18 шілде 2014 | 16:10

Донецк пен Киев уақытша бітімге келуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Украина жерінде апатқа ұшыраған Малайзияның жолаушылар ұшақ апатының мән-жайы анықталғанша,  "Донецк халық республикасы" Киевпен уақытша бітімге келуге әзір, деп хабарлайды Ресейлік ақпарат агенттігі.


Иконка комментария блок соц сети

Украина жерінде апатқа ұшыраған Малайзияның жолаушылар ұшақ апатының мән-жайы анықталғанша,  "Донецк халық республикасы" Киевпен уақытша бітімге келуге әзір, деп хабарлайды Ресейлік ақпарат агенттігі.

"Біз халықаралық сарапшылардың апат болған аймаққа кірулеріне барынша жағдай жасаймыз. Әрине, өзіміз сол жерде атысты тоқтатамыз. Әзірше осы тақырыпқа байланысты Киевтен келген арнайы топпен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Кеңестер ЕҚЫҰ өкілдерінің қатысуымен өтуде. Бұл жұмыс бүгін де жалғасады", - деп мәлімдеді "Донецк халық республикасының" премьер-министрі Александр Бородай.

Ресейдегі  "Донецк халық республикасының" өкілі Андрей Родкин болса, жасақтардың бітімге келу мәселесі бойынша келіссөздерді жүргізуге әзір екендігін жеткізді. "Бізге бейбітшілік керек. Сондықтан бітімге келуге әзірміз. Бейбіт халықтың өлімін, инфрақұрылымның қирауын тоқтату қажет. Украин армиясы оған келіспесе, Донецк халық республикасының сарбаздары партизандық соғысқа көшеді. Ал ұшақ апатына келер болсақ, сарбаздарда 10 шақырым биіктіктегі әуе кемесін атып түсіретін қару да жоқ", - дейді ол. 

Айта кетейік, кеше, шілденің 17-сі күні Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық "Boeing-777" жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ұшақта ел азаматтарының болмағанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети