07 қазан 2020 14:56

"Ең қиын кезеңді бастан өткеріп жатырмыз". Қырғызстан президенті халқына үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:president.kg Фото:president.kg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі президент сайтына сілтеме жасап.


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі президент сайтына сілтеме жасап.

"Қырғызстан ең қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Ешқандай билік немесе лауазым адам өмірінен жоғары бола алмайды. Өздеріңіз білетіндей, мен адам өміріне қауіп төндірмей, "Ақ үй" ғимаратына басып кіргендерге күш қолдану туралы бұйрық берген жоқпын. Сол күндері наразылық білдірушілерді күшпен басу туралы ұсыныстар да болды. Мен мұны үзілді-кесілді қабылдамадым. Бұл қақтығысқа әкеп соғады. Сондықтан мен төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойған жоқпын", - деді ел президенті. 

Сондай-ақ, Жээнбеков өңірлерде оны қолдау үшін митингіге шыққысы келетіндер аз болмағанын айтты.

"Мен олардан бұлай жасамауын өтіндім. Себебі осы күндері біз халықты бөлудің қаншалықты қауіпті екенін өз көзімізбен көрдік", - деді ол.

Сонымен қатар, Қырғызстан басшысы осындай кезеңде азаматтық позициясын білдірген жастарға алғысын айтты. 

"Біз бұл жағдайдан бәріміз бірге шығатынымызға сенімдімін. Құрметті отандастар, бүгінде ең өзекті міндет - Қырғызстанда бейбітшілік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету! Біз бірлесіп бұл жағдайдан шығамыз деп сенемін! Бәріміз үшін елдің мүддесі бәрінен де маңызды", - деді Сооронбай Жээнбеков. 

Еске салайық, Сооронбай Жээнбеков кеше де үндеу жасаған еді. Ол саяси партиялардың басшыларына өз жақтастарын сабырға шақырып, адамдар шоғырланған жерден алып кетуді ұсынған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети