04 наурыз 2014 17:36

"Газпром" Украинаға жеңілдік жасамайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

"Газпром" сәуір айынан бастап, Украинаға газ жеткізудің жеңілдіктерін алып тастайды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. Мұндай мәлімдемені холдинг басшысы Алексей Миллер РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездескен кезінде айтты. "Газпром" келесі айдың басынан бастап, жеңілдіктерді ұзартпауды ұйғарды", - деді Миллер. Ол украин серіктестерінің жеңілдіктер жасау туралы келісімшарт қосымшасына қол қою кезінде келісілген шарттарды орындамай отырғанын айтты. Украинаның жеткізілген газ үшін Ресейге қарызы 1,549 млрд долларды құрайды. "Мұндай жағдайда сіздің жеткізу формасы жеңілдіктерін алып тастау жөніндегі шешіміңіз әбден заңды көрінеді", - деді Премьер-министр "Газпром" басшысына. Еске салайық, "Нафтогаз" бен "Газпром" арасындағы келісімдерге сәйкес, тараптар жеңілдіктер мөлшерін әр тоқсанның алғашқы айының алғашқы күніне қарай 10-күнге дейін қосымша келісімге қол қою жолымен белгілеуге уағдаласқан болатын. Кез келген себеппен келісімге қол қойылмаған болса, белгіленген мерзімде жеңілдіктер жойылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети