22 ақпан 2014 17:57

Киевте радикалдар президент әкімшілігін басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет РИА Новости ақпарат көзінен алынған Сурет РИА Новости ақпарат көзінен алынған

"Украинадағы тәртіпсіздіктер барысында, президент әкімшілігін басып алғандары туралы радикалдық қозғалыс өкілі мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. Шерушілердің хабарлауынша, не Виктор Янукович, не президент әкімшілігінің басқа қызметкерлері жұмыс орнында болмаған. Сондай-ақ, олар ғимаратқа кіру үшін күш қолданбағандарын айтады. Естеріңізге сала кетсек, Киевтегі тәртіпсіздіктер 18 ақпанда жаңа күшпен қайта жанданған болатын. Ал, Януковичтің кеңесшісі, депутат Анна Герман президенттің Харьковте екенін және Жоғарғы Рада қабылдаған заңға қол қоюға дайын екенін жеткізді. "Енді, ол өзі бастамашы болған заңға қалай қол қоймайды? Сондықтан, мен, бұл бағыттағы кез келген мәлімдемені саудалау деп есептеймін»-дейді Герман. Депутаттар 2004 жылғы қонституцияны қайта қалпына келтіру туралы заңды Януковичтің қол қоюына жіберген. Украина президенті мен оппозиция жетекшілерінің келіскен аталмыш заңда халық бірлігі үкіметін құру және мезгілінен бұрын президенттік сайлау өткізу көзделген. Тараптар, Киевте тәртіпсіздіктер жүріп жатқан кезде осындай келісімге келген болатын. Харьков облыстық әкімшілігінің Баспа және ақпарат басқармасының басшысы президенттің Харьковте екенін жоққа шығарды. Аймақтық партия өкілдері президенттікке үміткер съезде анықталатынын жеткізді. "Бізде қазіргі уақытта өкілетті президент бар, бірақ оның дәл қазір қайда екенін айта алмаймыз"-дейді парламенттегі Аймақтық партия жетекшісінің орынбасары Олег Царев. Сонымен қатар, елдегі саяси дағдарыстан кейін Украинаны төрт жылдан бері басқарып келе жатқана Аймақтық партия қатарынан 36 адамның шыққаны белгілі болды. Өзге аймақтардан Украина астанасында тәртіп сақтауға келген әскерилер бүгін Киевте тастап шықты. Бұл жағдай, Киевтегі тәртіпсіздік және бейбіт тұрғындардың қаза болуына қатысты қабылданған Парламент қаулысы негізінде жүзеге асып отыр. Елдегі саяси дағдарыс салдарынан өзге аймақтарда да қирату, күш қолдану жалғасуда. 22 ақпан күні шерушілер Украинаның Ровно қаласында, беларустік туристер мінген автобусқа оқ жаудырған. Ресей азаматы болып табылатын автобус жүргізушісі ауыр жарақат алды. Ресей Сыртқы істер министрлігі Украинаның құқық қорғау орындары мен радикалды күштердің басшыларынан бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті. Автобус жүргізушісінің жағдайы ауыр. Оппозициялық депутаттар мен тәртіпсіздікке қатысушы радикалдар президент Януковичтің қызметінен кетуін және 25 мамырда президент сайлауын өткізуді талап етуде. Қазіргі уақытқа дейін Киевтегі тәртіпсіздік барысында 80 адамның қайтыс болып, 600 адамның жарақат алғаны мәлім болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети