14 қараша 2021 10:40

Кикабидзе Саакашвилиге қатысты Зеленскийге жүгінді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© u24.ua © u24.ua

Грузияның халық әртісі Вахтанг Кикабидзе "Украина 24" телеарнасындағы "Савик Шустердің сөз бостандығы" бағдарламасында Михаил Саакашвилиге қатысты Украина президенті Владимир Зеленскийге сапары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Грузияның халық әртісі Вахтанг Кикабидзе "Украина 24" телеарнасындағы "Савик Шустердің сөз бостандығы" бағдарламасында Михаил Саакашвилиге қатысты Украина президенті Владимир Зеленскийге сапары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Украина президентіне бардым. Бір-бірімізді бұрыннан білеміз, мені қабылдады. Оған былай дедім: "басқа адамдар сияқты сөйлесіп жатырмыз. Миша - Украина азаматы. Оны алып кетуге міндеттімін. Біз көрген нәрсе - (түрмедегі видеода. - ескерт.) болып жатқанның бес пайызы. Мәселе мынада, мен Миша Саакашвилидің отбасымен жақсы араласамын, сондықтан сізге келу міндетім болды. Сіз, ережесіз жекпе-жекті жақсы көресіз бе? Грузияға келіңіз, сізге журналистерді, оппозиционерлерді ережесіз қалай соғатынын көрсетемін. Бұл - жаппай төбелес. Екі жылға созылды", - деді 83 жастағы актер.

Кикабидзе Грузияда Саакашвилидің көзін жоюы мүмкін екенін айтты.

"Көпшілігі қызметте болса, белгі тақса, мәңгі өмір сүреміз деп ойлауы мүмкін. Олар өз елі үшін соншалықты жаман істер жасайды, олардың өз Отандарын мүлдем жақсы көрмейтініне сенімдімін. Сатып алынғанның бәрі бюджет арқылы жасалады, дауыс беруге баратын адам өз қалтасынан демеушілік көрсетпейді. Бірінші адам - кәсіпкер, миллиардер, оған кішкентай Грузияның бас директоры болу ұнады. Олар Парламентте тоғыз жыл отырды, кететін уақыт келді. Тоғыз жыл ішінде ештеңе істемеді.

Саакашвилиді тұтқындаудың себебі тіпті күлкілі болды. Ол президент болған кезде үш-төрт костюм сатып алғанын айтады. Президенттердің өз қоры бар. Бір жерде біреуге гүл сыйлайды, бір жерде дастарқан жаяды. Адамды тұтқындаған кезде, дәлел болу керек. Зеленскийге оны жеке клиникаға ауыстыру керек дедім. 41 күн аш болды дегенді ойлай алмаймын. Бәрінен бас тартты, дәрумен қабылдамады, осыдан-ақ мықты адам екені көрінеді. Оны алып кетіңіздер. Қазір ол - Украина азаматы. Алып кеткеннен кейін өз араларыңызда шешесіздер. Осындай жағдайлар болып жатқанда, оны өлтіре салуы мүмкін, өйткені оны табытта көруді армандайтын адам бар", - деді Грузия парламентінің депутаты "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясынан.

Еске салайық, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили 1 қазанда Тбилисиде Отанына оралғаннан кейін қамауға алынды. Саясаткерге қарсы төрт қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, Саакашвили мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Тұтқындалғаннан кейін Саакашвили 40 күннен аса уақытқа созылған аштық жариялады. Келесі күні желіде түрмеден видео таралды, онда жартылай жалаңаш Саакашвилиді күштеп камераға апара жатқаны көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети