Журналист, Temirov Live арнасының негізін қалаушы Болот Теміров Бішкекте ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасай отырып.
Журналист, Temirov Live арнасының негізін қалаушы Болот Теміров Бішкекте ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасай отырып.
Сот ғимаратынан шыққаннан кейін Теміров сот оның ұсталуын заңды деп танығанын айтты.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұл іс әділ тергелетініне уәде берді.
"Болот Теміровке және есірткіге байланысты басқа да күдіктілерге қатысты іс әділ тергелуін бақылауда ұстаймын", - деп жазды Жапаров 23 қаңтарда Facebook-тегі парақшасында.
Қырғызстан президентінің айтуынша, "заң аясында жүзеге асырылатын кез келген кәсіби қызмет, соның ішінде журналистердің қызметі қысымға себеп болмауы керек".
Жапаров "барлық мән-жайды ескере отырып" бейтарап тергеу жүргізу қажет екенін айтты, сондай-ақ, журналистерден "біреуге жала жабу мен негізсіз айыптаудан аулақ болуды" сұрады.
Бұған дейін қырғыз журналисі Болот Теміров ұсталғаны хабарланды. Адвокат Нұрбек Тоқтақынов есірткіге байланысты оқиға арандату екенін мәлімдеді.
Болот Теміров редакцияда тінту қалай басталғанын және не табылғанын айтып берді. Бұл видеоны адвокат Нұрбек Тоқтақынов жариялады.
"Тінту кезінде бір зат табылды. Олар кірген кезде мені еденге жатқызды. Екі қызметкер басып отырды. Бұл кезде оларға артқы қалтам ыңғайлы болды. Тінту кезінде артқы қалтамнан ішінде түсініксіз жасыл зат бар кішкентай дорба шықты. Ол менің затым емес. Ешқашан оны жасаған емеспін", - дейді Теміров видеода.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!