11 наурыз 2022 15:51

Қырғызстанда маска тағу енді міндетті болмайды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қырғызстанда 12 наурыздан бастап денсаулық сақтау және қоғамдық көлік мекемелерінен басқа жерлерде маска тағу міндетті болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап. 


Қырғызстанда 12 наурыздан бастап денсаулық сақтау және қоғамдық көлік мекемелерінен басқа жерлерде маска тағу міндетті болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап. 

Үкімет мәліметінше, ЖОО-да, орта арнайы оқу орындарында және басқа да жалпы білім беру ұйымдарында, сауда орталықтарында, мейрамханаларда, дәмханаларда, қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, мұражайларда, спорт клубтарында, кітапханаларда оқушылар мен оқытушылар құрамына маска тағу міндеттелмейді.

Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, 12 наурыздан бастап қолданыстағы алгоритмдер мен нұсқаулықтарға өзгерістер енгізу тапсырылды.

Алайда денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік, муниципалды және жеке), сондай-ақ, қоғамдық жолаушылар көлігінде міндетті түрде маска тағудың маңызы туралы айтылды.

COVID-19 және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында адам көп жиналатын жерлерде, ірі сауда орталықтарында, базарларда маска режимін сақтау азаматтардың өз еркіне байланысты болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети