02 шілде 2014 14:07

Қытайдың 39 азаматы Қырғызстанда бүлік шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қырғызстанда зауытта тәртіпсіздік жасаған қытайлық 39 жұмысшы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қытай азаматтары Тоқмақ мұнай өңдеу зауытында ереуіл ұйымдастырған.


Қырғызстанда зауытта тәртіпсіздік жасаған қытайлық 39 жұмысшы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қытай азаматтары Тоқмақ мұнай өңдеу зауытында ереуіл ұйымдастырған.

Мемлекеттік ішкі істер басқармасының мәліметінше, металл шыбықтармен, арматурамен, құрылыс құралдарымен, істіктермен қаруланған адамдар кәсіпорын аумағына құрылыс техникасы мен жергілікті жұмысшыларды кіргізбеген. Олар басшылықтан жалақы бойынша қарызды төлеуді талап етті. Милиция мен кәсіпорын жетекшілігі тәртіпсіздікті тоқтатуға әрекеттенді. Бірақ жұмысшылар келіссөзге келудің орнына белсенді қарсылық көрсетті. Зауыт басшылығы арнайы жасақ шақыртуға мәжбүр болды. Милиция қызметкерлері бүлікшілерді ұстау үшін ауаға бірнеше рет оқ атты.

Шу облысы мемлекеттік ішкі істер басқармасына Қытайдың 39 азаматы әкелінді. Олардың құжатын тексерген кезде 29-ының виза тәртібін бұзғаны белгілі болды. Бұған қоса, олар Қырғызстан аумағында заңсыз еңбек етіп жатқан болып шықты. Зауытта тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін Тоқмақ қалалық сотының шешімімен Қытай азаматтары елден шығарылатын болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети