18 шілде 2020 10:12

Лукашенко ұзақ күттіргені үшін Маминнен кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин 17 шілдеде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь президентінің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин 17 шілдеде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь президентінің сайтына сілтеме жасап.

"Біздің қарым-қатынасымызға келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары кезінде қойылған мақсаттарды болашақта атқаратымызға сендіргім келеді. Бізге байланысты болғандардың бәрін іске асырамыз. Егер Қазақстан Үкіметі осы бағытта жылжитын болса, біздің тараптан тек оң қадамдар жасалады. Қазақстанмен жақсы қарым-қатынаста, ең алдымен экономикалық байланыста болғымыз келеді. Өйткені бұл - база", - деп атап өтті Лукашенко.

Ол елдер арасындағы саясатта, әскери-саяси қарым-қатынаста проблема жоғын атап өтті.

"Экономикамызда да проблема жоқ. Бірақ біздегі тауар айналымы - біздің экономикамызға, әсіресе Қазақстан үшін емес. Біз шығаратын өнім Қазақстанға керек. Сіздер шығаратын өнім бізге де керек. Әрине кейбір проблема тасымалдау, логистикамен байланысты болып тұрады. Бірақ Ресейдің жаңа премьер-министрі, жаңа үкіметімен, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында біз көп нәрсе жасай алатымызға сенімдімін", - деді Беларусь президенті. 

"Біздің одағымызды құру және дамытуда ұқсас тәсіліміз бір. Сондай-ақ осы одақты құрған кезде Қазақстанның Тұңғыш Президентімен бір-бірімізді жақсы түсінгенбіз. Сондықтан беларустік бағытқа алаңдамасаңыз болады. Бұл жерде тек бірлігіміз үшін жұмыс істейміз", - деп қосты Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Қазақстан премьер-министрімен кездесердің алдында Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустинмен кездесіп, ол ұзаққа созылған. Соған байланысты мемлекет басшысы қазақстандық қонақтан кешірім сұрады.

"Ресей премьер-министрімен алғаш рет кездестік. Проблема толып жатыр. Айтпақшы, ортақ проблемаларымыз туралы айттық. Маған келгеніңіз сізге үшін алғыс айтамын", - деді Беларусь басшысы.

Еске салайық, 17 шілдеде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Минск қаласына сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕАҮК) отырыстарына қатысты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети