28 ақпан 2014 11:14

Минскіде ұсталған қазақстандыққа қатысты іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусьте "метроны жарып жіберемін" деп жұртты қорқытқан қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Беларусь Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазір ер адам тергеу изоляторында отыр, оның метро вагонында отырып, әлдекімге өзінде жарылғыш зат барын және оны іске қоспақшы екенін жазып, хабарлама жібергені анықталды. Дегенмен қазақстандық азаматтың ақпараты расталмады, онда жарылғыш зат жоқ болып шықты. Тергеушілер ұсталған адамның мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша оның ісіне құқықтық баға беріледі. Жалған ақпараттың кесірінен метро жұмысы тоқтатылған болатын, қосымша қоғамдық көлік іске қосылды. Минск метрополитені шығын көлемін есептеп жатыр. Айта кетейік, ұсталған 35 жастағы азамат Қарағанды қаласында туған, қазір Минск облысында тұрып жатқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети