Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Путин ҰҚШҰ елдерінің қорғанысын қалай нығайтатынын айтты

23 Желтоқсан 2014, 18:35
0
©Тengrinews.kz иллюстрациясы
©Тengrinews.kz иллюстрациясы

"Ангара" зымыран тасығышы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс қабілетін нығайтатын болады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәскеуден. 

"Бүгін Ресей үшін, айналып келгенде, ҰҚШҰ елдерінің барлығы үшін өте маңызды әрі жағымды оқиға болды. Біз көптеген жылдар бойы, соңғы 10 жыл бойы "Ангара А-5" ауыр сыныпты зымыран тасығышын жасау мен іске қосу жөнінде жұмыстарды белсенді жүргіздік және бүгін бұл зымыран сынақ түрінде алғаш рет сәтті ұшырылды", - деді Путин. 

"Зымыран экономиканың қажеттілігі үшін ғана емес, сонымен бірге Ресейдің, демек, ҰҚШҰ-ның барлық мүшесінің қорғаныс қабілетін арттыруға да қолданылатын болады. Әңгіме зымыранның құлауы, навигация, байланыс және түрлі дабылдарды барлау туралы ескерту жүйесін енгізу жайында болып отыр", - деді Ресей президенті. 

Сонымен бірге ол Ресейде қорғаныс саласын басқарудың жаңа ұлттық орталығы ашылғанын айтты, онда "бәрі Ресей технологиясымен жасалған, әлемде теңдесі жоқ аса қуатты компьютерлік қамтамасыз ету бағдарламасы бар". Путин ҰҚШҰ бас хатшысына сілтеме жасай отырып, бұл орталықтың жұмысына ұйымның барлық мүшесі қатысатынын айтты.

"Бұл ұлттық жүйелердің, біздің жасақтарымыздың қорғанысты басқаруын арттырады, біздің жұмысымызды үйлестіруді жақсартады деп сенемін", - деді Ресей басшысы. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай