Қазақстандық әуе компаниялары Украина арқылы ұшпайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әуе компаниялары Украина арқылы ұшпайды ©tengrinews иллюстрациясы

Қазақстанның көлік және коммуникациялар министрлігі отандық компанияларға Украина арқылы ұшпауға кеңес беріп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның көлік және коммуникациялар министрлігі отандық компанияларға Украина арқылы ұшпауға кеңес беріп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз апаттың мән-жайы анықталғанша, Украинаның әуе кеңістігі арқылы ұшпауға кеңес бердік. Кеше "Эйр Астана" өз ұшуларын тоқтатты. Меніңше, жақын арада Еуробақылау, Украинаның авиациялық билігі және халықаралық әуе комитеті өз қорынтындысын ұсынады", - дейді ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Еуробақылау (әуе навигациясының қауіпсіздігі бойынша Еуропалық ұйым - авт.) Украинаның оңтүстік-шығысындағы әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салып отыр. "Негізі, бұған дейін де ол арқылы белгілі бір биіктікте ұшуға рұқсат берілмеді. Үлкен биіктікте ұшқандар болды. Енді, ол толығымен жабылды", - деп атап көрсетті Мұхтыбаев. 

Бүгінде Қазақстаннан Украинаға, көбінесе, "Эйр Астананың" ұшақтары ұшып жүреді. Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында компания президенті Питер Фостер Алматы - Киев бағытындағы рейстің тек Ресейдің арнайы рұқсатынан кейін ғана ашылатынын мәлімдеді. Ол жақта әскери аймақтардан айналып өтуға мүмкіндік беретін солтүстік бағыт бар.

Айта кетейік, кеше, шілденің 17-сі күні Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық "Boeing-777" жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ұшақта ел азаматтарының болмағанын мәлімдеді

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети