Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Соғыс жылдары құрбан болған кеңес жауынгерлерінің саны нақтыланды

08 Мамыр 2014, 19:03
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

РФ қорғаныс министрлігінің нақтыланған мәліметтері бойынша Ұлы Отан соғысы жылдары Қызыл Армияның жеке құрамының жалпы шығыны 8 млн 668 мың 400 адам болған, бұл - осы кезге дейін ресми мәлім болған құрбандар санынан 1,5 млн жауынгерге көп, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

"Қоғамдық палатаға қорғаныс министрлігінен түскен соңғы мәліметтер бойынша Қызыл Армияның тізімдік құрамының соғыс жылдарындағы өлтірілген, жарақаттан өлген және тұтқыннан оралмаған адамдарының саны - 8 млн 668 мың 400 адам", - деді РФ Қоғамдық палатасының ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссиясының басшысы Александр Каньшин.

"Бұған дейін соғыс жылдары біздің ел аумағында және одан тыс жерлерде 7 млн-нан астам кеңес жауынгерінің қаза тапқаны ресми түрде айтылатын", - дейді Каньшин.

Жаңа мәліметтер бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында армия мен флоттан 8 млн 509 мың 300 адам, КСРО МҚК Шекара жасақтарынан - 61 мың 400 адам, КСРО ІІМ Ішкі әскерінен - 97 мың 700 адам қаза тапқан.

Каньшиннің хабарлауынша, нақтыланған мәліметтердің негізінде соғыс уақытында Қызыл Армияның жоғарғы басшылық құрамынан 70-ке жуық адамның қайтыс болғаны және із-түссіз кеткені анықталып отыр.

"Соғыс кезеңінде неміс тұтқынына 68 кеңес генералы түскен. Олардың 20-сының атылып немесе тұтқында қаза тапқаны, ал 41-інің тұтқыннан оралғаны белгілі", - дейді Қоғамдық палата өкілі. Хабар-ошарсыз кеткен 30 генералдың қоршауға алынған кезде қаза табуы мүмкін. РФ қорғаныс министрлігінің жаңа мәліметтері бойынша хабарсыз кеткендердің саны - бұрын айтылатындай, 5 млн жауынгер емес, 4 млн 559 мың адам.

Соғыстың басында әскер қатарында және флотта 4 млн 826 мың 900 адам болған. Сұрапыл жылдары армия мен флотқа және басқа да құрылымдарға барлығы 29 млн 574 мың 900 адам жұмылдырылды. "1945 жылдың 1 шілдесінде кеңес әскері құрамында 12 млн 839 мың 800 адам болды", - дейді Каньшин.

Ол Отан қорғаушылар есімін жаңғырту мен қаза болған немесе із-түссіз жоғалған жауынгерлер тағдырын анықтаудың барлық мемлекеттік құрылымның, ең алдымен Ресей қорғаныс министрлігінің басым бағыты екенін атап өтті. Ведомствоның әскери қорымдары құжаттарын реттеу кезінде Ресей мен одан тыс аумақтарда 7 млн-нан астам кеңес жауынгері жерленген барлығы 30,5 мың зираттың бар екені анықталған. Каньшиннің айтуынша, оларға 4,5 млн адам беймәлім жауынгер ретінде жерленген.

Айта кетейік, РФ Қоғамдық палатасының кеңесі жуырда елдің басшысына соғыс жылдары хабар-ошарсыз кеткен 4,5 млн-ға жуық адамды Отан қорғау жолында қайтыс болған жауынгерлер деп заң жүзінде тануды ұсынды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай