ТМД құрамынан шықса Украина экономикасы зардап шегеді - Лебедев

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМД құрамынан шықса Украина экономикасы зардап шегеді - Лебедев Сергей Лебедев. ©Ria.ru

ТМД-дан шыққан жағдайда Украинаның экономикасы зардап шегуі мүмкін деп хабарлайды "РИА Новости" Достастықтың атқару комитеті басшысы Сергей Лебедевтің мәлімдемесіне сілтеме жасап. "Украинаның Достастықтан шығуы, әрине, халыққа, Украина экономикасына соққы болады. Өте ауыр тиеді. Атап айтқанда, бүгін естідіңіздер ме, Украинаға кіру үшін виза енгізілетін болады. Миллиондаған адам туыстық қарым-қатынаста отырған кезде мұны жасау мүмкін бе?!" - дейді ол Лебедевтің айтуынша, ТМД атқару комитеті Украинаның Достастыққа төрағалық етуден бас тарту туралы шешімін терең өкінішпен қабылдады. "ТМД-ның атқару комитеті, жеке өзім, бұл шешімді қатты қынжылып қабылдадым, бірақ қазіргі ахуал, бұл дағдарыс Украинаның ТМД-ға төрағалық етуін қиындатып жіберген еді. Киевтегі шынайы ахуалға өз бағасын беретіндер табылады деп үміттенемін", - деп мәлімдеді Лебедев. Бұған дейін Украинаның ТМД құрамынан шығып, Ресеймен арада визалық тәртіп енгізетіні туралы хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети