20 наурыз 2014 09:49

Украина Ресейге визалық режим енгізіп, ТМД құрамынан шықпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Парубий Андрей Парубий

Украина Ресеймен визалық режим енгізіп, ТМД елдерінің құрамынан шықпақ. Бұл туралы сәрсенбі күні Киевте өткен брифингте Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Андрей Порубий мәлім етті, деп хабарлайдыTengrinews.kz УНИАН сайтына сілтеме жасай отырып. Ресеймен визалық режим енгізу Украинаның сыртқы істер министрлігіне жүктелді. Порубийдің айтуынша, бұл мәселе жақын күндері қолға алынады. Сондай-ақ тағы бір белгілі болғаны, Украинаның Жоғарғы Радасы Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынастарды үзу туралы қаулы жобасын қарастырып жатыр. Украина қорғаныс ведомстволарына елдің қарулы күштерін толықтай соғысқа әзір болуын, Украинаның территорялық бүтіндігін, шекарасын қорғауға дайын болуларын міндеттеді. Украина үкіметіне басып алынған Қырым территориясынан Украина азаматтарын елге әкелу, әскери бөлімдерді жаңа орындарға орналастыру тапсырылды. Порубийдің сөзіне қарағанда, Украина Қырым территориясын белгілеп, Ресей әскерін сол жерден шығаруға шара қолдану үшін БҰҰ-ға жүгінбекші. Андрей Порубий жақын арада Украина әскері Ұлыбритания, АҚШ және Будапешт меморандумына мүше елдермен әскери оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізетінін жеткізді. Бұған дейін РИА новости Ресей сыртқы істер мнистрлігінің деректеріне сүйене отырып, Ресей украиналықтарға виза енгізу мәселесі Киевтегі ресми шешімнен кейін белгілі болатынын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети