Қазақстанда ережелер қатаңдатылғаннан кейін жүздеген автомектеп жабылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ережелер қатаңдатылғаннан кейін жүздеген автомектеп жабылуы мүмкін Фото:depositphotos.com

Қазақстанда лицензиялау енгізілген жағдайда автомектептердің жартысынан астамы нарықтан кетуі мүмкін. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіби бірлестіктің өкілі Әділ Әлібеков осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Auto.


Қазақстанда лицензиялау енгізілген жағдайда автомектептердің жартысынан астамы нарықтан кетуі мүмкін. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіби бірлестіктің өкілі Әділ Әлібеков осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Оның айтуынша, қазір елімізде 680-ге жуық автомектеп жұмыс істейді, алайда олардың басым бөлігі болашақ талаптарға сай келмеуі мүмкін.

"Меніңше, жартысынан астамы жабылады. Қазір шамамен 680 автомектеп бар болса, соның 200–300-і нарықтан нақты кетеді", - деді Әлібеков.

Ол қазіргі уақытта лицензиялаудың нақты ережелері әлі әзірленбегенін, ал заң жобасының өзі Парламент қарауында жатқанын атап өтті.

"Қазір лицензиялаудың ешқандай ережесі жоқ, себебі ішкі істер органдары оларды әлі әзірлеген жоқ. Алдымен заң қабылданып, содан кейін ғана нақты талаптар қалыптастырылады", - деп түсіндірді ол.

Бұл ретте кәсіби бірлестік болашақ нормаларды әзірлеуге қатысуға ниетті.

Сонымен қатар, Әлібеков ықтимал талаптардың бірнеше негізгі бағыттарын атап өтті.

"Бірінші кезекте - бұл ғимараттардың сәйкестігі, көлік құралдарының болуы және жол жүру ережелерін білетін әрі оқыта алатын оқытушылардың құрамы. Егер бұл шарттар орындалмаса, қандай оқыту туралы сөз болуы мүмкін", - деді ол.

Сондай-ақ ол қазіргі нарықта толыққанды оқытусыз-ақ сертификаттарды сатып жатқан ұйымдардың бар екенін айтты.

"Материалдық-техникалық базасы, жалақы алатын оқытушылары мен жанармай құйылатын автокөліктері бар автомектептер бар. Ал мұның бірі де жоқ ұйымдар да кездеседі. Олар жүйеге тіркеле салып, сабаққа қатыспай-ақ 15–20 мың теңгеге сертификат алуды ұсынады. Шығын шығарып отырған кәсіп иесі оқу құнын әрдайым жоғары қояды, ал еш шығынсыз отырғандар ақшаны ауадан жасап отыр", - деп атап өтті Әлібеков.

Оның сөзінше, адал жұмыс істейтін автомектептер нақты шығындарға батса, нарықтың жосықсыз қатысушылары бағаны негізсіз түсірумен (демпинг) айналысуда.

Бұған дейін Қазақстанда автомектептерге қойылатын талаптар қатаңдатылуы мүмкін екенін жазған едік. Тиісті заң жобасын Парламент депутаттары әзірледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда автомектептер жаппай тексеріліп жатыр, алғашқы қорытындылар жарияланды

TengriAuto