23 қазан 2018 09:06

Түрікменстандықтарға мемлекеттік дүкендерден азық-түлік сатып алғаны үшін айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет:hronikatm.com Сурет:hronikatm.com

Түрікменстанда полицейлер өңір тұрғындарына ел астанасы Ашхабадта азық-түлік сатып алғаны үшін айыппұл салды. Бұл туралы "Хроника Туркменистана" басылымы хабарлайды. 


Түрікменстанда полицейлер өңір тұрғындарына ел астанасы Ашхабадта азық-түлік сатып алғаны үшін айыппұл салды. Бұл туралы "Хроника Туркменистана" басылымы хабарлайды. 

Ашхабадтан қарағанда өңірлік жерлерде азық-түлік жағдайы әлдеқайда нашарлау болғандықтан, облыс тұрғындары қалаға тамақ алуы үшін беттеген болатын. Алайда, полицейлер өңірлік нөмірлермен жүрген автокөліктерді тоқтатып тексеріс жұмыстарын жүргізген. 

Егер, көліктің ішінде мемлекеттік дүкендерден алынған азық-түлікті көрсе, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сатып алуға тыйым салынғанын және айыппұл төлеу керектігін айтады. Алайда, мемлекет қызметкерлері ешқандай ресми қаулыны шығармаған және тыйым туралы бұйрықты да көрсетпеген. Сондай-ақ тұрғындар айыппұл өтегеннен кейін, түбіртек те, бермеген. 

"Хроника Туркменистана" басылымына өзінің оқиғасын Ашхабадтан 370 шақырымда орналасқан Мары қаласының тұрғыны бөлісті. Оның айтуынша, астанадан үйіне қарай беттеген кезде, ер адамды екі қорап өсімдік майын алғаны үшін екі рет тоқтатқан. Алайда, ол тек бір рет төлеуге ақшасы жеткен. "Екінші айыппұлға ақшам жетпеген соң, көлігімнің жүксалғышынан майды тастап кетуіме тура келді", - деді ол. 

Басылымның мәліметінше, кезекті салынған тыйым жоғары тұрған органдардың ауызша бұйрығы немесе жол полиция қызметкерлері үшін жүргізушілерден ақша алу үшін кезекті мүмкіндік туған. 

Осыған дейін Түрікменстан тұрғындары мемлекеттің кейбір аймақтарында азық-түлік жетіспегені үшін елден кеткені хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети