Украина билігі елдің оңтүстігінде антитеррорлық іс-қимыл бастамақ

14 Сәуір 2014, 09:00
0
Украина билігі елдің оңтүстігінде антитеррорлық іс-қимыл бастамақ -  Александр Турчинов. Сурет segodnya.ua сайтынан алынған
Александр Турчинов. Сурет segodnya.ua сайтынан алынған

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен қорғаныс күштік құрылымдары елдің оңтүстігіндегі жағдайға байланысты кеңейтілген антитеррорлық іс-қимылдарды бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Бұл туралы ел халқына жолдаған үндеуінде Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов мәлім етті. Ол өз еркімен қаруын тапсырып, басып алған ғимараттарды тастап шыққан шерушілерге ешқандай шара қолданылмайтынын жеткізді.

Сондай-ақ Турчинов ел Үкіметінің аймақтардың өкілеттілігін кеңейтіп, жергілікті жерлерде билік өкілдерін алмастыру туралы мәселені қарауға дайын екенін хабарлады. "Біз аймақтардың өкілеттілігін кеңейтіп, жергілікті басқару органына реформа жасауға және жергілікті жерлерде билік өкілдерін алмастыру туралы мәселені қарауға дайынбыз. Алайда кімде-кім агрессорларды қолдап, біздің мемлекетімізге қарсы қарулы күрес жүргізсе, ол жауапкершілікке тартылады, жазаланады" - деді Турчинов. Ол Украинаның шығысында тұратын халықты елде тұрақсыздық тудырып отырғандарға қолдау көрсетпеуге, сондай-ақ, азаматтық қақтығысты болдырмау үшін бірігуге шақырды.

Турчинов елді федерализациялауды жақтаушыларға басып алынған әкімшілік ғимараттарды дүйсенбі күні таңға дейін босату туралы ультиматум қойды. 

Бұған дейін елді федерализациялауды жақтаушылар Украинаның шығысындағы бірқатар әкімшілік ғимараттарды басып алған еді. Соңғы мәліметерге қарағанда, Славянскінің орталығында бір адам өлген; Запорожье орталығында еуромайдан жақтаушылары мен Украинаны федерализациялауды қолдаушылар арасында төбелес орын алды; күш құрылымдары көзден жас ағызатын газ қолданды; Одессадағы УҚҚ ғимараты алдында проресейлік белсенділер шеру ұйымдастырды; елді федерализациялауды жақтаушылар Макеевка қалалақ атқару комитетін өз бақылауына алды.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай