Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Украинада кезектен тыс парламент сайлауы өтті

26 Қазан 2014, 13:41
0
Украинаның Жоғарғы Радасы. Фото: onlinerada.org
Украинаның Жоғарғы Радасы. Фото: onlinerada.org

Бүгін, қазанның 26-ы күні киев уақытымен 08.00-ден (Астана уақытымен 12.00) бастап Украина Жоғарғы Радасының халық депутаттығынан үміткер кандидаттарға дауыс беру басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі

Сайлауға барлығы 29 партия қатысуда. Сайлау туралы заңға сәйкес парламентке 450 халық депутаты іріктелініп алынуы тиіс. Алайда биылғы сайлауда бұрынғыдай емес, уақытша басып алынған Қырым, Севастополь секілді аймақтарда орналасқан 12 мажоритарлық округтерде дауыс беру науқаны өтпеген. Сол себепті Радаға 450-дің орнына 423 депутат өтетін болады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Қырым мен Севастопольді айтпағанда жалпы республика бойынша 213 округ жасақталып, онда барлығы 32 мың сайлау учаскесі жұмыс істеп жатса, ал әлемнің 72 еліндегі 112 сайлау учаскесінде Украинаның азаматтары дауыс беруқұқығына ие болып отыр. Атап айтқанда Ресейде 6, Германияда 5, АҚШ, Польша мен Италияда 4 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Ал Донецск облысындағы 21 округтың 9-ында, Луганск облысындағы 11 округтың 6-да сайлау мүлде өткен жоқ. "ОПОРА" МҚ мәліметі бойынша Донецск пен Луганск облыстарында дауыс беруге құқылы 5,07 миллион тұрғынның 2,8 миллионы сайлауға қатыса алмаған.

Ал Қырым мен Севастопольде тұрып жатқан Украина азаматтары партиялық тізіммен сайланатын кандидаттарға елдің материктік бөлігінде жеңілдетілген процедура негізінде дауыс бере алады. Мұндай жеңілдікті Донецск пен Луганск облысы тұрғындары да пайдалануда.

Украинада Қырым мен Севастопольді есептемегенде барлығы 33,57 миллион адам дауыс беру құқығына ие, ал оның ішінде 3,3 миллион адам Донецскіде, 1,77 миллион тұрғын Луганск облысында тіркелген. Шет елдерде шамамен 496 мың украиндық тұрады. 

Украинадағы сайлауда шет елдер мен халықаралық ұйымдар атынан барлығы 2 321 ресми бақылаушы қатысып отыр. Одан бөлек Украинадағы 37 қоғамдық ұйымның 721 өкілі сайлауда бақылаушы мәртебесіне ие болып отырғанын атап өткен жөн. Ол сайлаудан әлемнің 110 мемлекетінен 979 журналисі ақпарат таратуда.

ОСК парламент сайлауындағы дауыс берудің алдын ала мәліметі бейсенбі, қазанның 30-ына дейін белгілі болып қалатынына сенім артып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай