Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Украинада ҰҚШҰ күштерін қолдану мүмкін емес

25 Наурыз 2014, 15:31
0
ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа. ©РИА Новости
ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа. ©РИА Новости
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығы қырғыз парламентінің депутаты Тұрсынбай Бакируулудың Украинадағы ішкі саяси дағдарысты шешу үшін Ұжымдық шұғыл әрекет ету күштерін қолдану туралы мәлімдемесін "үлкен таңданыспен" қабылдады, бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды.

"Украина ҰҚШҰ-ға мүше емес және 2009 жылдың 14 маусымында бекітілген ҰШӘК туралы келісім бойынша оның аумағында Ұжымдық шұғыл әрекет ету күштерін қолдану мүмкін емес", - делінген ҰҚШҰ хатшылығының мәлімдемесінде.

Онда "Ұжымдық шұғыл әрекет ету күштерінің ҰҚШҰ аймағында және нақты құраммен кез келген жағдайға жұмылдырылуы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен консенсус және ұйымға мүше мемлекеттердің бәрінің, соның ішінде, Қырғыз Республикасының да келісімі негізінде іске асырылады" делінген.

ҰҚШҰ-ның мәліметінше, келісімдерге сәйкес, ұйымның Ұжымдық шұғыл әрекет ету күштеріне мына міндеттер жүктеледі: тараптардың кез келгенінің аумағында әскери күштерді дайындықты пысықтау мақсатында орналастыру; қарулы шабуылдың, соның ішінде, әскери агрессияның алдын алуға немесе оны тойтаруға және қарулы жанжалдарды залалсыздандыруға қатысу; халықаралық терроризмге, есірткі құралдарының, психотропты заттар мен олардың прекурсорларының, қару-жарақ пен оқ-дәрінің заңсыз айналымына, ұйымдасқан трансұлттық қылмыстардың басқа да түрлеріне қарсы шараларға қатысу; мемлекеттік шекараларға қорған болу жасақтарын күшейту және тараптардың мемлекеттік әрі әскери нысандарын күзету; бірлескен (аймақтық) топтық жасақтарды (күштерді) жедел орналастыруды қамтамасыз етуге қатысу; тұрғындарды әскери әрекеттерді енгізуден немесе оның салдарынан болатын қауіптерден сақтау және төтенше жағдайларды залалсыздандыру мен төтенше гуманитарлық жәрдем көрсету жөніндегі шараларға қатысу.

ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай