Виктор Янукович Мәскеу ауруханасында ауыр халде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Янукович Мәскеу ауруханасында ауыр халде жатыр Виктор Януковичтің Ростовтағы баспасөз мәслихатына қатысқан сәті. Euronews кадры

Қызметінен қуылған, әрі Ресейге қашып кеткен Украина президенті Виктор Янукович Мәскеудегі ауруханалардың бірінде ауыр халде жатыр. Бұл туралы "Московский Комсомолец" газеті жеке дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды. Басылымның мәліметінше, Янукович ауруханаға жүрек талмасы ауруымен түскен. Алайда, Украинаның экс-президентінің ауруханаға қай күні түскені және қай медициналық мекемеде жатқаны туралы нақты ақпарат жоқ. Соңғы рет Виктор Янукович халық алдына ақпанның 28-і күні Дондағы Ростовта өткен баспасөз мәслихаты кезінде шыққан болатын. Одан кейін украиндық БАҚ өкілдері әртүрлі дереккөздерге сілтеме жасап, Януковичтің қайтыс болғаны туралы да ақпарат таратқан еді. Ал бірақ та Януковичтің қайтыс болғаны немесе ауырып жатқаны туралы ресми ақпарат жоқ. Ресей президенті Владимир Путин наурыздың 4-і күні Украина мәселесі бойынша өткен баспасөз мәслихатында Януковичті екі күн бұрын ғана өз аяғымен жүріп жүргенін көргенін айтқан еді. Алайда, жұма күні белгілі болғанындай Украина Виктор Януковичті ұстау үшін Интерполға сұрау салған екен. Украинаның жаңа билігі бұрынғы президентті бірқатар қылмысқа қатысы бар деп айыптап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети