Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

Янукович мерзімінен бұрын сайлау өткізетінін мәлімдеді

21 Ақпан 2014, 18:09
0
Украина Президенті Виктор Янукович ұлттық сенім үкіметін қалыптастыруға шақырды деп хабарлайды "РИА Новости". Президент парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге және парламенттік республикаға басым өкілеттік беретін 2004 жылғы Конституцияны қайта енгізуге бастамашыл болатынын айтты.

"Мен елде тыныштықты қалпына келтіру үшін және қақтығыстың ендігі құрбандарын болдырмау үшін жасалатын қадамға баратынымды жариялаймын. Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге мұрындық боламын. Сонымен бірге, парламенттік республика тарапына өкілеттік беретін 2004 жылғы Конституцияға оралуға да мұрындық боламын", - делінген Президенттің мәлімдемесінде.

Өзінің ресми сайтындағы мәлімдемеде Янукович ұлттық сенім үкіметін қалыптастыру рәсімін бастауға шақыратынын да жеткізген. Мұның алдында ол еуропалық елшілермен келіссөз жүргізген. Франция, Германия, Польша Сыртқы істер министрлері - Лоран Фабиус, Франк-Вальтер Штанмайер және Радослав Сикорскийлермен жүргізілген келіссөздер өте күрделі болған және түні бойы созылған.

Бұған дейін Киевте Львов милиционерлерінің бүлікшілер жағына шыққаны хабарланған еді. Олар құқық қорғау органдарына қарай оқ атуға дайын екенін мәлімдеді. Ал осы аралықта текетірес құрбандарының қатары 80 адамға жетті.




Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай