22 ақпан 2014 18:54

Юлия Тимошенко түрмеден босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет  РИА Новости ақпарат құралынан алынған Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Оппозиция көшбасшысы Юлия Тимошенко Украина Жоғарғы Радасының шешімімен түрмеден босатылды" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. Юлия Тимошенконы түрмеден босату туралы қаулы 2014 жылдың 22 ақпанында қабылданды. Қаулыға сай Украинаның бұрынғы премьер министрі Юлия Тимошенко қылмыстық жазадан босатылды. Бұған дейін депутаттар Юлия Тимошенкоға қолданылған заңның бабын қылмыстық емес деп тануға дауыс берді. Сол кезде парламент елдегі қылмыстық заңнамаға БҰҰ конвенциясының коррупцияға қарсы ережесін енгізген болатын. "Алайда, мынаған назар аударыңыздар: заңның бабы жойылған жоқ, өзгертілді. Заңға енгізілген өзгертуге орай, Юлия Владимировнаға қолданылған баб бойынша, енді, қылмыстық жаза қолданылмайды. Осыған орай, заңға қол қойылған соң, Юлия Тимошенко түрмеден босатылады»-дейді экс-премердің адвокаты Сергей Власенко. Дегенмен, бұл заңға Украина президенті әлі қол қойған жоқ. Сонда да, Жоғарғы Рада депутаттары қабылдаған қаулы президенттің қолынсыз да заңдық күшке енетінін хабарлады. 22 ақпандағы парламент отырысында Жоғарғы Раданың спикері болып "Батьковщина" партиясының депутаты Александр Турчинов сайланды. Раданың экс-спикері Владимир Рыбактың өз еркімен қызметінен кеткенін бұған дейін хабарланған болатын. Турчиновтің басшылығына өткен парламент бас прокурор Виктор Пшонкаға сенімсіздік білдірді. "Виктор Пшонканың бұдан былай өз міндетін атқаруға құқығы жоқ»-деді дауыс қортындысынан кейін Турчинов. Сондай-ақ, ІІМ міндетін атқарушы болып Юлии Тимошенконың жақтасы, "Батьковщины" партиясының депутаты Арсен Аваков тағайындалды. Сонымен қатар, Жоғарғы Радада Украина Қауіпсіздік қызметі басшысын қызметінен босату туралы заң жобасы енгізілді. Мұндай заң жобасын фракциядан тыс депутат Роман Стаднийчук ұсынды. Естеріңізге салсақ, 2007 жылғы Украина мен Ресей арасындағы газ мәселесіне қатысты келісімге қарсы шыққан Юлия Тимошенко 2011 жылы жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети