Абай облысындағы өртенген аумақ ғарыштан көрсетілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: NASA Worldview Фото: NASA Worldview

Абай облысындағы ірі өрт ғарыштан көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Абай облысындағы ірі өрт ғарыштан көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғарыштан түсірілген суреттерді алу үшін NASA Worldview қызметіне жүгіндік, ол жердің әр нүктесінің өзекті суреттерін көруге мүмкіндік береді. Соңғы мәлімет бойынша, өрттің ауданы шамамен 43 мың гектар болады.

2023 жылдың 8 маусымында "Семей орманы" резерваты аумағында орман өрті шықты. Сол кезде құтқарушылар елді мекендерге қауіп жоқ деп сендірді.

Бірақ келесі күні Абай облысындағы орман өртінің ауданы 3-тен 100 гектарға дейін күрт өсті. NASA-ның 9 маусымдағы суреті өрттің ең көп қамтылуы батыстан шығысқа қарай жел бағытында болғанын көрсетеді. Кейін Абай облысының орман алқабындағы өрт алаңы 60 мың гектарға дейін көбейді. Орман шаруашылығының 14 қызметкері байланысқа шығуды тоқтатты. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қалада табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимін жариялады.

2023 жылдың 10 маусымында Абай облысындағы өрттің негізгі бөлігін түсіруге бұлттар кедергі келтірген. Бұл күні Абай облысындағы өртті сөндіруге әскерилер тартылды. Өрттердің басым бөлігі оқшауланғаны және өртсөндірушілер жұмысының арқасында жағдай тұрақталып жатқаны хабарланды. Қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

2023 жылдың 11 маусымында қалың түтін орманға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарын эвакуациялауға себеп болды. Бұл күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен зардап шеккен аумақтарға тікұшақпен шолу жасады.

2023 жылдың 12 маусымында, қазіргі уақытта апат аймағынан жергілікті ауылдардың тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жағдайдың бақылауда екенін, тұрақты екенін, бірақ ауа температурасының көтерілуіне және екпінді желге байланысты одан әрі өршу мүмкіндігі бар екенін айтты.

Сондай-ақ, Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық ғарыш кемелерінен түсірілген өзекті суреттерді алу үшін "Қазақстан Ғарыш Сапарының" баспасөз қызметіне жүгінді.

Бұл 11 маусым сағат 12:01-дегі отандық спутник түсірген соңғы сурет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer