12 тамыз 2023 14:10

Алматыда барахолка аумағында шыққан ірі өрт сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Алматы ТЖД Фото Алматы ТЖД

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті барахолка аумағында шыққан ірі өрттің сөндірілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының Төтенше жағдайлар департаменті барахолка аумағында шыққан ірі өрттің сөндірілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыдағы қоймаларда шыққан ірі өрт 12:22-де жойылды, зардап шеккендер жоқ, өртсөндірушілер өрттің көршілес ғимараттарға таралуының алдын алды", - деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, өртті жоюға барлығы 120 адам мен ТЖД-ның 33 техникасы, сондай-ақ суды жеткізу үшін коммуналдық қызметтің 7 су тасымалдайтын көлігі мен Алматы қаласының Құтқару жұмыстары қызметі жұмылдырылған.

Өрт болған жерді ІІМ қызметкерлері қоршауға алды.

@massaget.kz #барахолка #жалын #алматы #казахстан #рек ♬ original sound - Massaget.kz

Еске салайық, бұған дейін Алматдағы барахолка базары аумағында ірі өрт шыққаны хабарланған болатын. Кейін Москвин көшесінде алдын ала ақпарат бойынша кеңсе заттары, керек-жарақтар, ұялы телефон заттары бар қоймалар ашық жалынмен өртеніп жатқаны айтылды.

Кейінірек құтқарушылар өртті ауыздықтағаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети