02 тамыз 2023 08:55

Досаев Ақкенттегі өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкент шағынауданындағы көпқабатты үйде шыққан өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкент шағынауданындағы көпқабатты үйде шыққан өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын! Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі", - делінген Алматы әкімі Ерболат Досаевтың көңіл айту хатында.

Еске салайық, Алматының Ақкент шағынауданындағы көпқабатты үйден шыққан өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.14   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети