Қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс: қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс: қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды Фото: kstnews.kz

Қостанайдағы қару-жарақ дүкені өкілдері қайғылы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайдағы қару-жарақ дүкені өкілдері қайғылы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оружейная палата" дүкені өз мәлімдемесін, сондай-ақ қайтыс болғандардың суреттері мен есімдерін Instagram-да жариялады.

"Мұндай күшті жарылысты оқ-дәрілер де, дүкендегі басқа ешбір өнімі де тудыруы мүмкін емес еді. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр. Өкінішке қарай, "Оружейная палата" қару-жарақ дүкенінің қызметкерлері мен келушілері зардап шекті.

Өкінішке қарай, 4 адамды құтқара алмадық. Олардың есімдері мәңгі жадымызда:

  • Ефимов Юрий Дмитриевич, сатушы-кеңесші,
  • Кравченко Вячеслав Викторович, қару-жарақ шебері,
  • Мырзабеков Темірлан Ержанұлы, сатушы-кеңесші,
  • Неводничий Александр Борисович, сатушы-кеңесші", - делінген хабарламада.

Құтқару жұмыстары 15 сағатқа созылғаны атап өтілді. Зардап шеккен сегіз адамға медициналық көмек көрсетілген. Дүкенге келген бес адам, сатушы Никита Юрьевич Некрасов пен кассир Дужик Светлана Владиславовна амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Директор Бескровный Сергей Васильевич ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын. Жақын маңда тұрған көліктер де өрттен зардап шеккен. Сонымен қатар, сегіз жекеменшік үй өртеніп кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети