Семейдегі орман өртіне қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Семейде екі күннен бері орман өрті сөндіріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы - 160 гектар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде екі күннен бері орман өрті сөндіріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы - 160 гектар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жағдайды әуеден бақылауға Қазавиалесохрана Ми-2 тікұшағы жұмылдырылған. Орман өртінің таралуы тоқтатылған, қазір мамандар жұмысын жалғастырып жатыр.

"Жағдайды әуеден бақылау үшін Қазавиалесохрана Ми-2 тікұшағы әкелінді. Орманшылар мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ №68303 әскери бөлімі күштері өртті сөндіруге жұмылдырылды. Орман ішінде жұмыстар жүргізіліп жатыр, өрт аумағы анықталып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, өрт 1 маусымда "Семей орманы" қорығында шыққан. Орман шаруашылығының Жаңасемей филиалында орманды алқаптағы қарағайлар өртенген. Семейде аптапқа байланысты өрт қаупінің бесінші дәрежесі жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети