ШҚО-да өрттің негізгі бөлігі ауыздықталды - ТЖД

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі аймақтағы өрттердің негізгі бөлігі ауыздықталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі аймақтағы өрттердің негізгі бөлігі ауыздықталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 10 қыркүйекте сағат 09.00-де 1900 гектарға жуық алаңда Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында өрт ауыздықталған.

11 қыркүйекте сағат 17.00-де 1800 гектар алаңда Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округінің аумағында өрт сөндірілген.

"Барлығы: ШҚО ТЖД өртсөндірушілері, орманшылар мен жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 255 адамы мен 29 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 4 тікұшақ жұмыс істеді: облыс әкімдігінің МИ-8, ҚР ТЖМ МИ-171 және "Еврокоптер"- "Қазавиақұтқару", сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17. Өрт басталғаннан бері барлығы 35 рет су шашылды", - делінген хабарламада.

12 қыркүйекте 6 сағат 40 минутта Құйған ауылдық округінің аумағында құрғақ шөп жанған "Заря" учаскесіндегі өрт ауыздықталған. Алдын ала аумағы 2000 гектар болған.

"Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері таулы жерлерде шамамен 2400 гектар алаңда сөндіріп жатыр. Орт басталғаннан бері 145 рет су төгілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылған.  Өртті сөндіруге барлығы 207 адам мен 29 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer