26 тамыз 2021 | 22:55

Тараз жағынан көліктің барлық түріне жол жабылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыстарға байланысты жолдарға шектеу қойылғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыстарға байланысты жолдарға шектеу қойылғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Байзақ ауданы Жаңатұрмыс кентіндегі Қорғаныс министрлігі 28349 әскери бөліміндегі жарылыстаға байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тасжолының 476-шы шақырымында жол қозғалысы шектелді.

Қазіргі уақытта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс Тараз жағынан 505-ші шақырым және Ақшолақ кенті тарапынан 474-ші шақырым (Жібек жолы бұрылысы) жабылды, қозғалыс жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолында ашық", - деді министрліктегілер.

ИИДМ мәліметі бойынша, әскери бөлім Тараз-Алматы бағытында оң жақта, теміржол бойында оңтүстік жағынан шамамен 250-300 метр қашықта орналасқан. Тасжол бойында "Тау Дос" және "Отырар" Қызмет көрсету нысандары орналасқан.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная