26 тамыз 2021 | 22:29

Тараз маңындағы ТЖ: қандай пойыздар тоқтатылғаны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

"Қазақстан темір жолы" компаниясы жолаушылар мен жүк пойыздары тоқтатылғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан темір жолы" компаниясы жолаушылар мен жүк пойыздары тоқтатылғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жамбыл жүк бөлімінің Тараз-Луговое учаскесінің жұп және тақ жолдары теміржол желісінен 250-300 метр қашықта орналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болуына байланысты барлық пойыз қозғалысы үшін жабық.

Өрт шыққан жерден 8-10 шақырым жерде орналасқан Үшбұлақ станциясына Тараздан өрт сөндіру пойызы келді. Сондай-ақ, Шу станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді.

Жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта Петропавл-Қызылорда және №78 Мағыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтатылды", - делінген компания хабарламасында.

Мұның алдында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қоймадан өрт шыққанын растаған еді.

Реклама
Реклама

"Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная