18 тамыз 2022 17:21

Теміртаудағы "жарылыс": техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Теміртауда опырылған көпқабатты үйдің тұрғындары басқа пәтерлерге орналастырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ғимарат өмір сүруге қауіпті деп танылған. Сондай-ақ, қалада техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртауда опырылған көпқабатты үйдің тұрғындары басқа пәтерлерге орналастырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ғимарат өмір сүруге қауіпті деп танылған. Сондай-ақ, қалада техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, қазір зардап шеккен көпқабатты үйді бірден үш мекеме: "Астана технадзор" ЖШС, "КазМирр" ЖШС және "ТрансИнжиниринг" ЖШС тексеріп жатыр. Олар өз қорытындысын 20 тамызда жариялайды.

"Үйдің тақталары мен құрылымын нығайту бойынша қорытындылар мен ұсынымдар шыққанша тұрғындардың бұл үйде тұруына болмайтыны туралы алдын ала ұсыныстар жасалды. Үйдегі барлық пәтер тұрғындарының базасы толығымен қалыптасты: 80 пәтер, 155 тұрғын, оның 12-сі - қарт адамдар, 15-і - 18 жасқа дейінгі балалар. Жедел штаб үй тұрғындарына уақытша баспана беру мәселесі бойынша тәулік бойы көмек көрсетеді. Теміртау политехникалық колледжінің жатақханасына 22 адамнан тұратын 8 отбасы орналастырылды. 70 отбасы туыстарына орналасып, пәтер жалдап тұрды, екі отбасы өз пәтерінде тұрмайды, 33 тұрғынға кеңес берілді", - деді Теміртау әкімдігі өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство Теміртауда зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.

Теміртаудағы газ "жарылысы": жаңа мәлімет айтылды
 
Еске салайық, 16 тамызда Теміртауда бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының шығуы салдарынан едендер арасындағы плиталар опырылған. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети