ТЖД Алматы тауларында қар көшкіні қаупі барын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖД Алматы тауларында қар көшкіні қаупі барын ескертті Фото:elements.envato.com

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына тауда қар көшкіні түсу қаупі бар екенін ескертті. Алматылықтар SMS-хабарлама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына тауда қар көшкіні түсу қаупі бар екенін ескертті. Алматылықтар SMS-хабарлама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД 2-3 ақпанда тауларда көшкін болуы мүмкін деп хабарлады.

"Қардың еруінен қар көшкіні жүруі қаупі бар болғандықтан, тік қарлы беткейлерге шықпауды ескертеміз. Тауда абай болыңыз", - деп ескертті ведомствода.

"Қазгидромет" Үлкен және Кіші Алматы өзенінің бассейндерінде, тау бөктерінде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты ескерту жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Консультативтік болжамға сәйкес, елдің басым бөлігінен оңтүстік және батыс циклондарымен Иран аудандарынан жылы ауа массалары келсе ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети