Атырау облысы Қазақстанда туризм бойынша көш бастап тұр

19 Қыркүйек, 15:13
3
Атырау облысы Қазақстанда туризм бойынша көш бастап тұр -

Өткен жылдың өзінде ғана 142 мыңнан аса турист мұнайлы астананың тарихи және мәдени мұраларымен танысты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Мұнайлы астанада Ресей мен Франция сияқты дамыған елдердегідей белсенді туристер саны артып келеді. Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаеваның айтуынша, шетелдік қонақтар агроөнеркәсіптік кешен нысандарына, атап айтқанда, түйе, жылқы және басқа да шаруашылықтарға үлкен қызығушылық танытып отыр.

"Іскерлік туризм жақсы нәтиже көрсетуде, өткен жылы ішкі туризм бойынша бізге 142 033 шетелдік қонақ келді. Тек демалуға келгендер саны қаншама, әрине, оларды статистикалық мәліметтермен қамту мүмкін емес. Біздің ғажайып табиғи аймағымыз, Қиғаш өзенінің жағалауларының таза ауасы экотуризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие, бұл жерде демалыс орталықтарында аңшылық пен балық аулау ұйымдастырылған. Туристер үшін облыс аумағында маршруттар, авто және велошерулер ыңғайластырылған. Аталған шерулер негізінен Франция, Италия, Германия, Қытай және басқа елдерден келген экспедициялармен жүзеге асырылады", - деді Қарлығаш Бекбаева.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай