АҚШ әуежайларында Эбола індетінен қорғану үшін бақылау күшейтіледі

11 Қазан 2014, 18:58
0

Әлемде төрт мыңнан аса адам құрбан болған Эбола індетінен қорғану үшін АҚШ әуежайларында бақылау күшейтіледі, - деп хабарлайды "ВВС-дің ресейлік қызметі"

АҚШ-тың ірі бес әуежайының бірі - Нью-Йорктағы Джон Кеннеди атындағы әуежайда Эбола вирусын көп жұқтырған елдердің жолаушыларына күшейтілген бақылау енгізіледі. Әсіресе, Либерия, Сьерра-Леоне және Гвинеядан келген жолаушылар мамандардың бірнеше сұрағына жауап беріп, медициналық тексеруден өтуі тиіс.

Жақын күндері Нью-Йорктың тағы бір әуежайында тексеру жүргізілетіні белгілі болды, сонымен қатар мұндай бақылау Чикаго, Вашингтон және Атланта қалаларының әуежайында да жүргізіледі. Сондай-ақ, АҚШ территориясында ең бірінші Эбола вирусын жұқтырған кісі 8 қазан күні Техас ауруханаларының бірінде қаза болғаны хабарланды. Томас Данкан бұл індетті штатқа келер алдында Либерияда жұқтырған, ол осыдан кейін Даллас ауруханасында оқшауланып ұсталған.

Эбола қанды безгегі - осы инфекцияны жұқтырған адамның қаны немесе іріңі, сондай-ақ, ауру адам ұстаған заттар арқылы тікелей таралатын қауіпті індет. Бұл аурудың жайылып кетуін тоқтатудың жалғыз амалы - ауруды қоғамнан оқшаулау ғана. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының таратқан соңғы дерегіне қарағанда, Эбола безгегін жұқтырудың салдарынан әлемде 4033 адам қайтыс болған. Құрбан болғандардың көбі Батыс Африкада тіркелген. Әлемде 8399 адам Эбола безгегін жұқтырған немесе жұқтыруы мүмкін деген күдік тудырып отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай