АҚШ бір елдегі барлық телефон қоңырауын тыңдай алады

19 Наурыз 2014, 10:48
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі бір елдің аумағындағы барлық телефон әңгімелерін жазып ала алатын жүйе ойлап шығарды. Бұл туралы The Washington Post Эдвард Сноуден мен басқа да ақпарат көздері ұсынған құжаттарға сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, MYSTIC аталатын аңду бағдарламасы 2009 жылы іске қосылған. Ал оның телефон әңгімелерін жазып алып, жаңғыртатын функциясы 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Ұрланған жазба мәліметтер қауіпсіздік агенттігінің компьютерлерінде бір ай бойы сақталады. Осы уақыт аралығында талдаушылар олардың бір пайызын ғана өңдеп үлгереді.

The Washington Post-тың хабарлауынша, АҚШ 2013 жылы осы бағдарламаны алты мемлекеттің аумағында қолданбақ болған. Қандай елдер екені жария етілген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ ҰҚА бұрынғы қызметкері Сноуденнің құжаттарын негізге ала отырып, агенттіктің күн сайын дүниежүзі бойынша 5 млрд ұялы телефон қоңырауынан ақпарат жинайтынын хабарлаған еді. АҚШ ҰҚА қызметкерлері әр абоненттің жүрген жерін, оның жасаған байланыстарын және өзгелермен қарым-қатынасын аңди алады.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай