27 қазан 2014 | 20:19

АҚШ Орталық Азия елдеріне қатысты империялық пиғылын жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

АҚШ Орталық Азия елдеріне қатысты империялық пиғылы барын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ричард Хоугланд мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Орталық Азия елдеріне қатысты империялық пиғылы барын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ричард Хоугланд мәлімдеді.

"2014 жылдың соңына қарай, Құрама Штаттар Ауғанстанға қатысты әскери операцияларын аяқтайды. Бірақ, біз Ауғанстанның көптеген өзге де халықаралық достарымен бірге алдағы уақытта Ауғанстанды тастап кету туралы ойымыз жоқ. Маған бұл жерде тура және әділ болуға мүмкіндік беріңіздер: біздің бұл елде қалуымыз Ауғанстаннан әскери база немесе бұл аймақта әскери әрекеттер іздестіріп жатыр дегенді білдірмейді. Бұл аймақтағы елдерің көбісімен біз жақсы қарым-қатынастамыз. Дегенмен, бұл осы аймақтағы елдерге әскери немесе империялық үстемдік құрып отыр деген сөз емес", - дейді Ричард Хоугланд. 

Айта кетейік, 2014 жылдың 10 қазанында Минскіде өткен ТМД елдері президенттерінің жиыны барысында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Достастық елдерінің ортақ мәселесі - Ауғанстандағы жағдай туралы айтты. "Талибан" және өзге де лаңкестік және экстремистік топтардың белсенділігі алаңдатады. Әсіресе Ауғанстанның солтүстігіндегі әрекеттер. Бұл Достастық елдерінің оңтүстік аймағына қауіп төндіреді", - деген болатын Рахмон. 

Жиын барысында Тәжікстан президенті бұрындары Ауғанстанда бейбіт өмірді қалыптастыру үшін елдің әлеуметтік-экономикалық бағытын арттыру қажет болғанын тілге тиек етті. Ол міндетті түрде халықаралық ұйымдар тарапынан Ауғанстанға қаржылық, материалдық және техникалық көмек көрсетуді арттыру керек екенін айтты. "Біз бұл жерде көпқырлы аймақтық қарым-қатынастың Ауғанстанға да тікелей көмек көрсетуін анық көреміз", - деген болатын. 

Ол есірткі бизнесіне де тоқталып өтті. Бұл мәселені шешу үшін ол мемлекеттерді бірігуге шақырып, тек ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен шектеліп қалмау керектігін айтты. 

2014 жылдың қазан айында Ауғанстаннан әскер шығару туралы мәселе Мәскеуде ТМД елдерінің мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшылары деңгейінде де қарастырылған болатын. Бұл жиынға Қазақстан атынан сол кезде ҚР Қауіпсіздік кеңесінің уақытша хатшысы қызметін атқарып жүрген Әділбек Жақсыбеков барған еді. 

Жиын барысында аймақтық қауіпсіздікті қадағалау, халықаралық лаңкестікке қарсы шаралар туралы, діни экстремизм, халықаралық деңгейдегі ақпараттық қауіпсіздікті сақтау туралы пікір айтылды. Жақсыбеков жиын барысында басты назарды лаңкестікке, экстремизмге және есірткі бизнесінің алдын алу үші Қазақстанның құзырлы органдары қандай шара қолданып жатқанына аударды. 

"Ерекше атап өтемін, Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскерін шығарып болған соң, лаңкестер қайта күшейіп кетуі мүмкін. Бұл Қазақстан мен Орта Азия елдерінде қауіпті", - делінген Ақорданың хатында.

Еске салайық, 2013 жылдың қараша айында Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бас хатшысының арнайы орынбасары Ян Кубишпен кездесу барысында Қазақстан алдағы уақытта да Ауғанстанның дамуы үшін жасалып жатқан түрлі жобаларға көмектесетін болады деген еді. Оның ішінде ауған студенттерінің оқуына да. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети