19 тамыз 2014 12:33

АҚШ-та жасөспірімдер сыныптастарын қырып салмақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Лос-Анджелестің іргесіндегі Оңтүстік Пасадена қаласында сыныптастарын жаппай қырып салмақ болған екі жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости. Тәртіп сақшылары қылмысты ойластырған оқушыларды дүйсенбі, 18 тамыз күні ұстады.


Лос-Анджелестің іргесіндегі Оңтүстік Пасадена қаласында сыныптастарын жаппай қырып салмақ болған екі жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости. Тәртіп сақшылары қылмысты ойластырған оқушыларды дүйсенбі, 18 тамыз күні ұстады.

Полицейлердің мәліметінше, оқушылар мектептің үш қызметкері мен сыныптастарын атып тастамақ болған. Мектеп әкімшілігінің полицияға дер кезінде хабар беруінің арқасында жасөспірімдердің жаппай кісі өлтіру туралы жоспары іске аспай қалды.

"Мектеп жұмысшыларының оқушылардың күмәнді іс-әрекетін сезе білетініне куә болдық. Бұл хабар жантүршігерлік қайғылы оқиғаға жол бермеуге септігін тигізді", - дейді жергілікті полицияның сержанты Брайан Солински (Brian Solinsky).

Ұсталғандардың пәтерін тінту барысында олардың жаппай кісі өлтіруді ұйымдастырғанына дәлелдер табылды. Оңтүстік Пасадена мектебі оқушыларының бірі полицияға өз еркімен берілді, екіншісі қарсылық көрсетті. 

Еске сала кетейік, осы жылдың мамыр айында Санта-Барбарада жаппай кісі өлімі болған еді. 22 жастағы Эллиот Роджер Калифорния университеті жанынан өтіп бара жатқан алты адамды атып өлтіріп, тағы жетеуін жарақаттаған. Кейін күдікті өз автокөлігінде басынан оқ тиген күйінде табылды. Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын студент бейнежазба түсіріп, онда өзінің бетін қайтарғаны үшін қыздарды жек көретінін және сол себепті қыздар жатақханасындағы адамдардың бәрін жаппай қырып салу ойы бар екенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети