12 маусым 2016 19:12

АҚШ-тағы гей-клубта қанды қырғын болды: Атыстан 20 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wsj.com © wsj.com

АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында гей-клубта атыс шығып, адамдарды кепілге алудың салдарынан шамамен 20 адам қаза тапты және тағы 40 азамат ауруханаға түскен, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында гей-клубта атыс шығып, адамдарды кепілге алудың салдарынан шамамен 20 адам қаза тапты және тағы 40 азамат ауруханаға түскен, - деп хабарлайды РИА Новости.

"42 адам ауруханаға жеткізілді, шамамен 20 адам клубта қаза тапты", - деді баспасөз мәслихатында Орландо полициясының шефі Джон Мина. Ол белгісіз адамның клубта атыс шығарып, адамдарды кепілге алған. Кейін оны полиция өлтірген. Полицейлердің айтуынша, атысқа тоғыз полицей қатысқан, біреуі жарақат алған. Шабуылшының автоматты винтовкасы және тапаншасы болған.

Орендж округінің шерифі Джерри  Демингстің айтуынша, бұл іс жергілікті терроризм ретінде тергеліп жатыр. АҚШ-та "жергілікті терроризм" деп халықаралық терроризммен байланысы жоқ жаппай кісі өлтіруді атайды.

Айта кетейік, атыс бүгін Pulse гей-клубында 12 маусымда жергілікті уақыт бойынша шамамен 02.00-де болған. Шабуылдаушы барда бірнеше адамды кепілге алып, іштен қамалып алған. Полицейлер оның қолында жарылғыш зат бар деп ойлаған. Оқиға орнына 70 полиция автомобилі, итті саперлер және арнайы қызмет тартылған. Құқық қорғау органдары клуб ішінде мақсатты жарылыс жасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети