Аляскада АҚШ жағалау күзетінің тікұшағы апатқа ұшырады, іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Аляскада АҚШ жағалау күзетінің тікұшағы апатқа ұшырады, іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Апаттың себептері әзірге белгісіз.
"АҚШ жағалау күзеті бүгін Аляска штатының Ситка қаласында болған MH-60 Jayhawk тікұшағының апаты туралы хабарламаға жедел әрекет етті. Қазіргі уақытта оқиға орнына құтқарушылар мен іздестіру-құтқару қызметінің мамандары келді. Экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі, амандығы және оларды құтқару шаралары қамтамасыз етіліп жатыр", - делінген мәлімдемеде.
Бұл кейінгі уақытта АҚШ-та болған алғашқы авиациялық оқиға емес. 16 маусымда бомбалаушы ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан сегіз адам зардап шекті.
2026 жылғы 14 маусымда АҚШ-та апатқа ұшырады тағы бір әскери ұшақ апатқа ұшырады. Ол Вашингтон штатының Якима округіндегі орманды алқапқа құлап, артынан орман өрті тұтанған. Ұшқыш ұшақтан секіріп үлгерді.