Бостондағы жарылыста қаза тапқан баланың ата-анасы Джохар Царнаевты өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бостондағы жарылыста қаза тапқан баланың ата-анасы Джохар Царнаевты өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады @Mk.ru

Бостондағы марафон кезіндегі жарылыстан қаза болған 8 жастағы баланың ата-анасы Царнаевты өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости. Олар айыпталушыны өлім жазасына кесуді қолдамайды. Айта кетейік, Царнаевқа 30 пункт бойынша айып тағылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бостондағы марафон кезіндегі жарылыстан қаза болған 8 жастағы баланың ата-анасы Царнаевты өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости. Олар айыпталушыны өлім жазасына кесуді қолдамайды. Айта кетейік, Царнаевқа 30 пункт бойынша айып тағылды.

Жаза кесу шарасы екі аптаға созылады деп күтіліп отыр. Істің қалай аяқталатыны белгісіз. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша Бостон тұрғындарының көбі Джахар Царнаевқа қатысты өлім жазасын құптамайды.

"Біз Әділет Министрлігінен бұл істі тезірек жабуын сұраймыз. Өлім жазасына кесуден бас тартып, апелляцияға беру мен босату мүмкіндігінсіз өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесуді қолдаймыз", - деді қаза болған баланың ата-анасы Билла және Дениз Ричардтар.

Олардың айтуынша, Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу бір жылға дейін апелляцияға берумен өтеді. "Айыпталушы газет беттері мен теледидар экранынан кеткен кезде ғана біз жаңа өмір бастай аламыз", - деді олар.

Еске сала кетейік, Джохар Царнаев ағасы Тамерланмен бірге 2013 жылғы Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырып, оның салдарынан үш адам қайтыс болған еді, тағы 260 адам жарақат алды. Ал Джохар Царнаев полицияның арнайы іс-қимылы барысында қолға түсіп, оған 30 пункт бойынша айып тағылды. Олардың 17-сі бойынша өлім жазасы қарастырылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети