Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Диас Қадырбаевтың қорғаушысы Бостон сотынан айыптауларды алып тастауын сұрады

12 Сәуір 2014, 20:03
0
Сот залында Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов  Reuters көрінісі
Сот залында Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов Reuters көрінісі

Бостанда орын алған терактіге қатысы бар деген күдікпен қамауда отырған Диас Қадырбаевтың қорғаушысы соттан өзінің қорғауындағы қазақстандыққа тағылған барлық айыптауларды алып тастауын сұрады, деп хабарлайды The Boston Globe.

Қыдырбаевтың қорғаушысы федералды соттан істі жабуын сұрады. Қорғаушының айтуынша, тағылған айыптаулар "шамадан тыс көмескіленген". Оның сөзіне қарағанда, Қадырбаев өз ісінің заңға қайшы екенін де, арты қайғылы жағдайға әкеп соқтыратынын білмеген. Қадырбаевтың өзі де сотқа жолығып, сот процесі барысында "терроризм" сөзін айтпауын өтінген. Себебі, бұл сөз алқабилерді өзінен теріс айналуға итермелейді деп есептесе керек.

Еске саламыз, қазақстандық студент Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов қазір Бостанда. Олар 2013 жылы мамыр айында Бостанда орын алған жарылысқа қатысты істі тергеуге қасақана кедергі келтірді деген айып тағылған болатын. Олар 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл іске сондай-ақ, америкалық 19 жасар Робель Филипстің де қатысы бар. Ол жалған ақпарат берді деп айыпталуда. Бұл іске қатысты процесс 2014 жылы жаз айларында жалғасады деп күтілуде.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай