Бостон марафонында жарылыс жасады деп айыпталып, қазір тергеуде отырған Джохар Царнаев сотты кем дегенде 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шегеруді сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бостон марафонында жарылыс жасады деп айыпталып, қазір тергеуде отырған Джохар Царнаев сотты кем дегенде 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шегеруді сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл туралы оның қорғаушысы мәлімдеп, Царнаевтың мұндай өтінішті 29 тамыз күні түсіргенін айтты.
Қорғаушының айтуынша, олар 3 қарашаға дейін айыптаушылардың тағып отырған айыптарымен толық танысып үлгермейді. Сондықтан да сотты шегеруді сұрап отыр. Негізі мұндай істің қаралымына сот 32 ай беру керек. Царнаевтың ісіне тек 16 ай ғана беріп, оның сот алдында жауап беру мерзімін 18 қыркүйекке белгілеген.
Еске салайық, 2013 жылы 15 сәуір күні Бостонда марафон кезінде екі жарылыс болды. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 173 адам жараланған. Жарылысты ұйымдастырды деген ағалы-інілі Джохар және Тамерлан Царнаевтар айыпталды. Джохар 20 сәуір күні тұтқындалса, Тамерлан 19 сәуір күні полициямен атыс кезінде қаза болды.
Айта кетейік, егер Джохардың кінәлі екені анықталса, оны АҚШ билігі өлім жазасына кесуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың Бас прокуроры Эрих Холдер айтқан. Бас прокурор Эрих Холдердің айтуынша, жазаның ең ауыр түрін қолдану туралы шешім оның іс-әрекетіне және келтірген залалына қарай қабылданданған.