13 маусым 2016 11:07

Орландода 50 адамды өлтірген атқыштың әйелі өзбекстандық қыз болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© East2West © East2West

Орландодағы түнгі клубтардың бірінде 50 адамды өлтірген 29 жастағы Омар Матин осыған дейін өзбекстандық Ситора Юсуфийге (Sitora Yusufiy) үйленген болатын, - деп хабарлайды Washington Post.


Орландодағы түнгі клубтардың бірінде 50 адамды өлтірген 29 жастағы Омар Матин осыған дейін өзбекстандық Ситора Юсуфийге (Sitora Yusufiy) үйленген болатын, - деп хабарлайды Washington Post.

Өзбекстандық қыздың айтуынша, ол Матинмен (оның отбасы Ауғанстаннан, ал өзі Нью-Йоркте дүниеге келген) Интернет арқылы 2009 жылы танысыпты. Бірнеше апта өткен соң, ол оған тұрмысқа шығуға келісімін беріп, Флоридаға көшеді. Содан Ситора күйеуінің үйіне көшіп келіп, жас отбасы Форт-Пирста тұрады. Алайда бірнеше айдан соң Ситораның ата-анасы қызын күйеуінің ұратынын біліп, оны Матиннің үйінен алып кеткен. Ал 2011 жылы олар сотта ресми түрде ажырасқан.


Ситора Юсуфийдің айтуынша, оның бұрынғы күйеуі оған жиі қол көтерген. © East2West

Атқыштың бұрынғы әйелінің айтуынша, бастапқыда ол қалыпты адам болып көрінген. Бірақ кейіннен өзінің қызба мінезін көрсете бастаған. "Үйге келіп, киімдердің жуылып болмағаны үшін мені ұра бастайтын", - деді ол.

Матин кәмелетке толмағандарды түзеу орнында күзетші болып жұмыс істейтін және жаттығу залына да баратын. Сонымен қатар, қыз оның тұйық екенін және дінге қатты берілмейтінін еске алды.


Қыз Омармен бірге төрт ай тұрған. © East2West

Ситораның айтуынша, ол кезде Омарда заңды түрде алынған оқ ататын қару болды. "Ол полицей болғысы келді", - деді қылмыскердің бұрынғы әйелі.

Сонымен қатар, Ситора Матинмен соңғы 7-8 жыл аралығында ешқандай байланыстың болмағанын айтты.


Омар Матин. © NBC News 

NBC News басылымының мәліметінше, Омар Матиннің әкесі АҚШ-тағы ауғандық спутниктік телеарнада жүргізуші болып жұмыс істейді. Саддик Матин талибан қозғалысын қолдайтын саяси бағдарламаны жүргізеді.


Саддик Матин. © facebook

Телеарнаға берген сұхбатында Саддик болған оқиғаның дінмен байланысы жоқтығын айтты. Сонымен қатар, қылмыстың себебі ретінде дәстүрлі емес жыныстық көзқарас өкілдеріне деген өшпенділік болуы мүмкін екенін атап өтті. Саддиктің айтуынша, баласы сүйісіп тұрған екі полицей ер адамды көріп, қатты ашуланған.

Еске салайық, Орландодағы Pulse гей-клубында белгісіз біреу атыс шығарып, салдарынан 50 адам қаза тапты және 53 адам жарақат алды. Гей-клубтағы оқиға АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі қырғын саналып отыр.

CNN басылымының полициядағы дереккөздері Матиннің гей-клубқа шабуыл жасаған кезінде 911-ге телефон соғып, ДАИШ-пен байланысы жайлы айтып, сонымен қатар Бостондағы терактіні еске алғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети