Трамп өзінің суреті мен қолтаңбасы бар АҚШ-тың жаңа төлқұжатын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамппен АҚШ паспорты Фото: https://truthsocial.com/@realDonaldTrump

Дональд Трамп АҚШ төлқұжатының жаңартылған дизайнын таныстырды, енді оның беттерінде президенттің суреті бейнеленген. Мемлекет басшысы құжаттың макетін Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Дональд Трамп АҚШ төлқұжатының жаңартылған дизайнын таныстырды, енді оның беттерінде президенттің суреті бейнеленген. Мемлекет басшысы құжаттың макетін Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Трамп жариялаған суреттен АҚШ президентінің көк-ақ түсті суреті төлқұжаттың ішкі беттеріндегі Тәуелсіздік декларациясының тарихи мәтінінің үстіне басылғанын көруге болады. Оның астында Трамптың жеке қолтаңбасы орналасқан.

Ал келесі бетінде Джон Трамбуллдың әйгілі "Тәуелсіздік декларациясы" туындысының репродукциясы орналасқан. Осылайша, Трамп АҚШ тарихында көзі тірісінде суреті төлқұжатқа басылған алғашқы басшы атанды.

“АҚШ-тың жаңа төлқұжатында: “Қош келдіңіз, бірақ әдепті болыңыз!” — деп жазылған”, — делінген Трамптың жазбасында.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мерейтойлық сериясы

Бұл жазба АҚШ Мемлекеттік департаментінің ауқымды жобасының кейінгі мәліметтерін ашты. Осы көктемде америкалық БАҚ мәліметінше, департаменттің “Патриоттық төлқұжат” (Patriot Passport) деп аталатын эксклюзив серияны әзірлегенін хабарлаған болатын.

Жаңартылған құжаттың шығарылуы маңызды тарихи датаға — АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойылғанына 250 жыл толғанына орайластырылған. Штаттар бұл мерекені 2026 жылғы шілдеде ауқымды түрде атап өтуді жоспарлап отыр.

“Трамп бейнеленген төлқұжатты” қалай алуға болады?

Мемлекеттік департамент мәліметінше, жаңа дизайн барлық америкалық үшін міндетті емес барлық америкалық үшін және әдепкі құжаттарды алмастырмайды. Бұл тек қалауы бойынша берілетін қатаң шектеулі серия.

Президент портреті бар мерейтойлық құжатты ешқандай қосымша төлемсіз алуға болады, бірақ ол үшін Вашингтон төлқұжат агенттігіне (Washington Passport Agency) жеке жүгіну қажет.

Басқа штаттарда құжаттарды стандартты ауыстыру кезінде немесе онлайн режимінде өтініш бергенде, АҚШ азаматтары бұрынғы үлгідегі үйреншікті төлқұжаттарын ала береді.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +29
Ақтау +24
Ақтөбе +22
Атырау +26
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +29
П
Павлодар +24
Петропавл +29
С
Семей +28
Т
Талдықорған +28
Тараз +33
Түркістан +20
О
Орал +24
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер