12 қыркүйек 2022 10:36

ІІІ Чарльз Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия королі болып жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияның жаңа билеушісі ІІІ Чарльз ресми түрде Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландияның королі болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Ұлыбританияның жаңа билеушісі ІІІ Чарльз ресми түрде Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландияның королі болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Марқұм патшайымның үлкен ұлы норман дәуірінде құрылған таққа қосылу кеңесінің отырысынан кейін Лондондағы Сент-Джеймс сарайында өткен тарихи рәсімде ресми түрде король болып жарияланды.

Салтанатты шараға бірнеше мың адам қатысқан. Солтүстік Ирландия мен Уэльсте корольдің құрметіне артиллериялық салют атылған.

Патшаның өзі рәсімдерге қатыспады, ол осы уақытта Лондонда болған. Онда ол Достастықтың бас хатшысы Патрисия Скотландпен және британдық монарх ресми түрде мемлекет басшысы болып саналатын барлық 15 елдің елшілерімен кездескен.

Бұған дейін III Чарльз ресми түрде Ұлыбритания королі болып жарияланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети